Сердечно поздравляем вас с 75-й годовщиной Победы в Великой Отечественной войне
Құрметті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, қала тұрғындары!
Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!
9 мамыр – әрқайсымыз үшін өмірдегі басты және қасиетті күн. Бұл өмірлерінің бағасымен өз Отанын қорғап, әлемді фашизмнен азат еткен нағыз батырлардың даңқты ұрпағы үшін халқымыздың шексіз қуанышы мен мақтанышы күні.
Тарихи оқиғаның маңыздылығы жыл сайын артып келеді. Қайраттылық пен ерлік, бірлік пен ұйымшылдық, еңбексүйгіштік және қайсарлық, әскери ерлік пен Отанға деген махаббат батырларымызға жауды жеңуге мүмкіндік берген қасиеттер.
Ардагерлер мен тыл еңбеккерлері үшін «соғыс» деген ащы және ауыр сөз – ол өткен шақтың естелігі ғана емес, Отанға деген ашық сезімге және Ұлы жеңістің қуанышына толы өмірдің бір бөлігі.
75 жыл бойы біз бейбіт аспан астында өмір сүреміз, қалаларды тұрғызып, балаларды тәрбиелейміз. Он жылдықтар өтіп, ұрпақ ауысуда, бірақ халқымыздың Ұлы Жеңісі туралы естелік жүрегімізде мәңгілікке қалады. Ең сұрапыл соғыстың майданында соғысқан, тылда және Жеңіс қаруын жасаған адамдардың алдында үлкен құрметпен басымызды иеміз.
Сіздердің ерліктеріңіз, табандылықтарыңыз бен төзімділіктеріңіз үшін Сіздерге тағзым ету — Отанға қызмет етудің үлгісі.
Бүгін Қазақстан бүкіл әлем сияқты коронавирустың пандемиясымен күресуде, бұл Жеңіс күнін мерекелеуге өз түзетулерін енгізді. Бірақ ештеңеге қарамастан, аға буынның қиындықтарға қарсы күрестегі үлгісінің, рух табандылығының арқасында бір-бірімізді қолдай отырып, бәрінде еңсере аламыз. Біздің басты міндетіміз – соғыс батырлары мен тыл еңбеккерлері туралы жарқын естелікті сақтап, олардың ерлігіне лайықты болуға тырысу.
ҚЫМБАТТЫ ЛИСАКОВТЫҚТАР!
Ұлы Жеңіс мерекесімен! Бақыт, денсаулық, жақсылық және бейбіт аспан тілейміз! Қымбатты ардагерлерімізге, майдангерлерге, тыл еңбеккерлеріне, соғыс балаларына, елімізді соғыстан кейінгі жылдары жандандырған барша адамдарға құрмет пен даңқ.
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, рух сергектігін, бейбітшілік, ырыс-береке, жақындарыңыздың мейірімділігі мен қамқорлығын тілейміз!
Лисаков қаласының әкімі
А. ИСМАҒҰЛОВ |
Лисаков қалалық мәслихатының хатшысы
С. ШАЛДЫБАЕВА |
Уважаемые ветераны войны и труженики тыла, жители города!
Сердечно поздравляем вас с 75-й годовщиной Победы в Великой Отечественной войне!
9 Мая – главная, священная дата в жизни каждого из нас. Это день безмерной радости и гордости нашего народа за подвиг славного поколения настоящих героев, которые, не жалея жизни, защитили свое Отечество и освободили мир от фашизма.
Важность этого исторического события с каждым годом только возрастает. Стойкость и мужество, единство и сплоченность, трудолюбие и самоотверженность, воинская доблесть и любовь к Родине – именно эти качества позволили нашим героям победить врага.
Для ветеранов и тружеников тыла горькое и тяжелое слово «война» – не просто далекое прошлое, а часть жизни, наполненная светлыми чувствами к Родине и овеянная Великой Победой.
Вот уже 75 лет мы живем под мирным небом, строим города и воспитываем детей. Проходят десятилетия, сменяются поколения, но память о Великой Победе нашего народа остается в наших сердцах. С глубоким почтением мы склоняем головы перед теми, кто воевал на полях сражений самой кровопролитной из войн, кто трудился в тылу и ковал оружие Победы!
Низкий поклон вам за ваш подвиг, доблесть и стойкость – образец служения Отечеству.
Сегодня Казахстан, как и весь мир, борется с пандемией коронавируса, это внесло свои коррективы в празднование Дня Победы. Но несмотря ни на что, благодаря примеру людей старшего поколения в борьбе с трудностями, стойкости духа и взаимной поддержке мы справимся. Главная наша задача – хранить светлую память о героях войны и тружениках тыла, стараться быть достойными их подвига.
ДОРОГИЕ ЛИСАКОВЦЫ!
С праздником Великой Победы! Счастья, здоровья, благополучия и мирного неба над головой! Честь и слава нашим дорогим ветеранам, фронтовикам, труженикам тыла, детям войны, всем тем, кто возрождал страну в послевоенные годы.
Желаем всем крепкого здоровья, долголетия, бодрости духа, мира, благополучия, добра и заботы близких!
С праздником вас! С Днем Великой Победы!
Аким города Лисаковска А. ИСМАГУЛОВ
Секретарь Лисаковского городского маслихата С. ШАЛДЫБАЕВА