Қасиетті рамазан айы

Рамазан – нұр шашқан ай

Құрметті мұсылман қауым! Мамыр айының 16-сында, мұсылман қауымынының асыға күткен қасиетті Рамазан айы басталады. Қасиетті Құран Кәрімде: «Әй мүміндер! Сендерге бұрынғыларға парыз қылғандай ораза парыз қылынды. Әрине сақсынарсыңдар. (Бақара сүресі, 183 аят.)»- деп бұйырылған.

Ораза ұстау ақыл есі бүтін, балиғат жасқа келген, өзін мұсылман санайтын әр ер мен әйелге парыз. Парыз амалын орындаған адам үлкен сауапқа кеңелетіді, ал орындамаған адам күнәһар болады. Ал жоққа шығарған адам діннен шығады. Сондықтан да балиғатқа жеткен кез келген адам рамазан айында ораза ұстауға міндетті.

Алла Ттағала Қасиетті Құранда: «Санаулы күндерде. Сонда сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде төлер. Және сондай ораза күш келетіңдер, (кәрі не аурулар) бір міскіңнің тамағын төлесін. Сонда кім ынтығып артық хайыр қылса, ол өзіне жақсы. Білсеңдер сендер үшін ораза ұстауларың тағы жақсы. (Бақара сүресі, 184 аят.)» деп, кімдерге ораза ұстамай ақ қоюына болатындарды ескерді. Ораза ауыр келетін кәрі, ауруынан айығуына үмүті жоқ, созылмалы дертке шалдыққан кісілерге фидия садақасын беруіне болатындығы осы аяттан да белгілі болды.

Құран  Кәрімнің Бақара сүресінде: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла (Т.) сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар. (185) (Мұхаммед Ғ.С.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді» (186)» деген.

Қасиетті рамазан айы басталуымен бірге келер игілік – тарауық намазы екендігі сөзсіз. Тарауық намазы оразадан бір түн бұрын басталып бір күн бұрын аяқталады. Дәлірек айтсақ мамыр айының 15 де басталып, маусым айының 13 де соңғы тарауых намазы оқылады. Биылғы жылы Алла нәсіп етсе тарауых намазына арнайы Құран қари шақырылды. Рамазан айы бойы тарауых намазында толық құран хатым етіліп түсіріледі.

Сол себепті рамазан айын ғапылдықпен, бейғамдықпен өткізіп алмай, күндерімізді оразамен түндерімізді тарауықпен өткізуді Алла Тағала біздерге нәсіпетсін!

Алла Тағала өз Рақымдылығымен бізге нәсіп еткен бұл қасиетті Рамазан айын дұрыс қарсы алып, лайықты түрде Алла Тағалаға құлшылықпен өткізуге тиістіміз. Адам баласы өмір жолында қаншама рет Рамазан аймен қауышатындығы белгілі, бір ақ, қанша адам осы рамазан айына жете алмады десенізші…

Лисаков қалалық «Әбдіхайым Саламатұлы» мешітінің Бас имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлы