Қазақ тілі — ғажап тіл

Қазіргі таңда білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Осыған сәйкес бүгінгі күн талабы — баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, тілін дамыту, заман талабына сай оны жүйрік етіп тәрбиелеу. Шындығында сапалы білім, саналы тәрбиемен шынайы ұштасқанда ғана ұлт тілегі орындалып, қоғам өзінің рухани дамуында асыл қасиеттерге қол жеткізбек. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ана тіліне қамқорлық ең алдымен сол тілде сөйлейтін халыққа жүктеледі» демекші, біздің парызымыз — балабақшадағы өзге ұлт балаларына мемлекеттік тілді меңгерту. Менің тобымда тоқталатың болсақ, онда балалардың негізгі бөлігі өзге ұлт отбасылардан құралады.

Заман талабына сай әр тәрбиеші өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Пәннің негізгі мақсаты — балаларды қазақша сөйлете білуге үйрету болғандықтан, мұндағы негізгі жұмыс – балдырғандардың сөздік қорларын молайту. Сонымен қатар сабақ барысында жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, балаларға қазақша сөздерді дұрыс айта білуге, қойылған сұрақтарға жауап беруге, естіген сөздерін бұзбай жеткізе білуге, әсіресе құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға, сөйлемді дұрыс құрауға, ауызекі тілде сөйлей білуге үйретеміз қажет.

Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуда инновациялық технология әдістерін қолдана отырып, сапалы білім беру, балалардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасалуда. Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өзімнің  тәжірибемде  қолдануға тырысамын. Жаңа технологияны, әдіс — тәсілдерді тиімді қолданып, балалардың білім сапасын арттырудамын. Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескертіп,  әдіс-тәсілдерді таңдаймын.  Ойын — оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл үйретуде ойынды көрнекі құралдарды, түрлі суреттерді, кестелерді, ойыншықтарды, тақпақтарды, өлеңдерді, музыка, ТРИЗ технологиясын және т.б. материалдарды сабақта қолдана отырып, балалардың сөздік қорын біршама толықтырамын, ауызша сөйлеу түрлерін кеңейетемін. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданып жүремін. Әрине балаларды тек қана әдіс-тәсілдермен ғана үйретіп отырмаймын, сонымен қатар оқу-тәрбие жұмысын дұрыс жолға қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Сондықтан біздің «Бәйтерек» тобымызда ата-аналармен жұмыстардың алуан түрлері іске асырылуда.

1.Ата-аналар мен тәрбиешінің үздіксіз қарым-қатынасы (диалог).

2.Бірлескен ойын –сауық кештер,ертеңгіліктер ұйымдастыру.

5.Ата-аналарға арналған «Қазақ тілін бірге үйренеміз!» сауалнамалар.

6.Көрнекілік насихат.

7.Көрмелер ұйымдастырамыз және т.б.

 

Бұл іс -әрекет тиімді жүзеге асырылуы үшін тәрбиеші ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ата- аналарды дидактикалық ойындармен, жаттығулармен,әндер және өлеңдердің

мәтіндерімен таныстырамын, содан барып олар үй жағдайында фонетикалық жаттығулар мен сөздерді қайталайды, бекітеді.

Отбасында қазақ халқының дәстүрлеріне сүйініп тәрбие беруге байланысты ұйымдастырылған «Ұлттық ойындар арқылы балаларды тәрбиелеу» атты пікірталастар, мерекелік шаралар өткізілуде.

Балабақшамызда өтетін барлық мерекелік ертеңгіліктерде басқа ұлт өкілдерінің балалары қазақ тілінде тақпақ,ән айтып,қазақ халқының билерін билеп,ата-аналарын қуантады.

Балабақшада ата-аналар тәрбиешінің  басты көмекшісі деуге болады.Ата-аналардың көмегімен жасалған көрмелер, «Отбасы-алтын ұям», «Мейрімді жүрек» атты қабырға газеттер байқауы,балаларға арналған қазақ әдебиетінің кітапханасы, қазақ тілі бұрышы,ақпараттық стендтер жасалды.

Атқарылған жұмыстардың қорытындысын жүзеге асыра отырып, мен мынандай шешімге келдім, мектепке дейінгі жастағы өзге ұлт балаларды қазақ тіліне оқыту бойынша әрі қарай

жаңа әдістер мен тәсілдер іздеу. Жұмыс өзінің оң нәтижелерін береді дегенге сенімдімін.

Ата – бабамыз қалдырған асыл мұраны қолданғанда біздің көздеген мақсатымыз – болашақ ұрпақты еңбекке, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу, ойлау қабілеттерін дамыту. Біздің міндетіміз – мемлекеттік тілдің мерейін үстем етіп, аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілімізді өрге бастырып, тіл дәрежесін көтеру болып табылады.

 «Дельфинчик»

бөбекжай-бақшасы»КМҚК

«Бәйтерек» тобының тәрбиешісі

НАЗАРЧЕВА  Н.А