Бітімгершілік келісім – дауды шешудің ең тиімді жолы

Медиация

Біздің мемлекет өз азаматтарына қамқорлық жасап, дауларды шешудің баламалы әдістерін заң жүзінде бекітті, олардың бірі медиация болып табылады.

Медиация (бірнеше мағынасы бар латынша medius-тен, оның ішінде: 1) орта, ортаңғы бөлігінде орналасқан; 6) әділ, бейтарап; …..9) делдал ретінде әрекет ететін медиатор;…) — тараптардың ерiктi келiсiмiмен жүзеге асырылатын өзара қолайлы шешiмге қол жеткiзу мақсатында медиатордың (медиаторлардың) көмегiмен тараптар арасындағы дауды (жанжалды) шешу тәртiбi. Медиатор (латынша mediator-дан) — делдал.

Дауларды шешу үшін медиаторларды пайдалану соңғы өнертабыс емес, практиканың терең тарихи-мәдени тамыры бар. Зерттеушілердің пікірінше, мұндай жанжалдарды шешу мемлекеттік әділеттіліктің алдында тұрды және әлеуметтік жанжалдарды шешу қауымның ең құрметті мүшелеріне тапсырылған қоғамның пайда болуымен туындады.
Медиация қазіргі заман мағынасында XX ғасырдың екінші жартысында дами бастады, бірінші кезекте англосаксондық құқық елдерінде – АҚШ, Австралия, Ұлыбританияда, кейін ол Еуропада тарала бастады. Медиацияны қолданудың алғашқы талпыныстары, әдетте, отбасылық қатынастар саласындағы дауларды шешуге қатысты болды. Кейіннен медиация жергілікті қауымдастықтардағы қақтығыстардан бастап, коммерциялық және қоғамдық салалардағы күрделі көпжақты қақтығыстарға дейінгі шиеленістер мен даулардың кең ауқымын шешуде мойындалды.

Қазақ даласында болған билер институты да татуласу рәсімдерінің жарқын үлгісі болып табылады, себебі басты мақсат дауласушы тараптарды татуластыру және келтірілген залалды қалпына келтіру болды.

Соттарда медиация рәсімі іс жүргізу әрекеттерінің алгоритміне сәйкес жүзеге асырылады, оған сәйкес талап қоюды қабылдау үшін негіздер болған кезде судья медиация рәсімін 10 жұмыс күні өткенге дейін, ал сотқа дейінгі хаттама жасалған жағдайда – 15 жұмыс күніне дейін жүргізеді. Келiсу рәсiмiне қатысуға келiскен және шақыруға келген тараптар келiсу рәсiмiнiң түрiн дербес таңдауға және бұл туралы өтiнiште көрсетуге тиiс.

Талап қоюды алғаннан кейiн судья азаматтық iстi қозғау, iстi сот талқылауына дайындау, тараптың өтiнiшi болған кезде қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы қаулы шығарады, сондай-ақ келiсу рәсiмiн жүргiзедi.

Медиация шеңберінде шарттық міндеттемелерді орындауға, материалдық залалды және моральдық залалды өтеуге, шығынға, еңбекке, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, тұрғын үйге және т.б. байланысты даулар шешілуі мүмкін.

Медиация туралы келісімдер жасасу кезінде келісуші судьялар тараптарға мәлімделген талаптар шегінен шығу құқығын, жауапкердің қарсы шарттарды көрсету мүмкіндігін түсіндіреді, соның салдарынан өзара тиімді шарттарда келісімдер жасалады.

Медиацияны енгізудің арқасында соттарда жұмыс жүктемесі айтарлықтай төмендеді, талапкерлер төлейтін мемлекеттік баж қайтарылды, бұл азаматтар мен заңды тұлғаларды дауларды берекелі реттеуге ынталандырады, даулар жедел шешіледі, бұл туралы тараптар медиацияның негізгі артықшылығы ретінде атап өтеді.

 

Лисаков қалалық сотының судьясы А.Айтукова