От всей души поздравляем вас с Днем единства народа Казахстана!
Құрметті Лисаков қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміздегі үйлесімділік пен келісімді бейнелейтін бұл мереке өзінің пайда болған күнінен бастап ерекше қазақстандық жол мен мемлекеттік саясат векторының символы болып табылады. Біздің елімізде, барлық деңгейде әрқашан атап өтілетін: мемлекетіміздің жетістіктері Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын барлық этникалық топтар өкілдерінің бірлігі, достығы мен ынтымақтастығы арқасында мүмкін болды.
«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев бұл туралы тағы бір мәрте еске салды: «Ең алдымен, халқымыздың бірлігін нығайту аса маңызды. Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды, ештеңеден құр қалмайды», — деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан ортақ тарихи тағдырмен біріккен 130 этностың туған жері болып табылады. Біздің халқымыздың, қайғыда да, қуанышта да сақтай білген ортақ құндылықтарымыз бен мұраттарымыз бар. Бүгінде біздің барлық азаматтарымыз ортақ өткенге, бүгінге және болашаққа қатыстылығын сезінеді. Президентіміз атап өткендей, біз бәріміз бір үлкен отбасының мүшелеріміз.
Құрметті жерлестер!
Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, бірлік, отбасылық бақыт, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа табыстар тілейміз!
Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Лисаков қаласының әкімі А. ИБРАЕВ
Лисаков қалалық
мәслихатының төрайымы К. МҰХАМАДИЕВА
Дорогие жители и гости города Лисаковска!
От всей души поздравляем вас с Днем единства народа Казахстана!
Этот праздник, олицетворяющий гармонию и согласие в нашей стране, со дня своего появления является символом особенного казахстанского пути и вектора государственной политики. В нашей стране на всех уровнях всегда отмечалось: достижения нашего государства стали возможны благодаря сплоченности, дружбе и солидарности представителей всех этнических групп, составляющих единый народ Казахстана.
Во время своего выступления на третьем заседании Национального курултая «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Президент Казахстана К. Токаев напомнил об этом в очередной раз: «Прежде всего, крайне важно укреплять единство нашего народа. Нация, объединенная общими устремлениями, — заявил Глава государства, — никогда не останется внакладе, всегда будет впереди».
Казахстан является родным домом для 130 объединенных общей исторической судьбой этносов. У нас единые ценности и идеалы, которые наш народ сумел сберечь и в горе, и в радости. И сегодня все наши граждане чувствуют сопричастность к общему прошлому, настоящему и будущему. Мы все, как отметил наш Президент, принадлежим к одной большой семье.
Дорогие земляки!
В этот праздничный день желаем всем крепкого здоровья, благополучия, единства, семейного счастья, новых успехов на благо нашей Родины Республики Казахстан!
С Днем единства народа Казахстана!
Аким города Лисаковска А. ИБРАЕВ
Председатель Лисаковского городского маслихата К. МУХАМАДИЕВА