Дорогие жители и гости города Лисаковска!

Сердечно поздравляем вас с Новым годом – любимым, радостным праздником, от которого всегда ждут только добрых перемен, исполнения самых заветных желаний!

Құрметті Лисаков қаласының тұрғындары мен қонақтары!

 

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз — сүйікті, қуанышты мереке, бұл күні өзгерістер мен жақсы тілектердің орындалуы күтіледі!

Жаңа жылдың басталуы бізге бұрынғы қателіктерді ескере, күнтізбе парағын аударып, жолымызды жанадан бастауға мүмкіндік береді. Есейе келе әлі де біз бұл әдемі мерекенің сиқырына сеніп, ол жақсы өзгерістердің бастамасы, трансформация мен жаңарудың бастауы деп үміттенеміз. Үміт пен жақсылыққа деген сенім бізді шабыттандырып, одан әрі жетістіктер мен жеңістерге күш береді!

2025 жыл қалай болады және қандай өзгерістер әкеледі — көбіне өзімізге байланысты. Әркімнің өз күшіне деген сенімі, ынта-жігері, жауапкершілігі біздің жоспарларымызды жүзеге асыруға, өмірімізді қызықты, бай және жарқын етуге көмектеседі.

Құрметті Лисаков тұрғындары!

Көп ұзамай, 2024 жыл тарихқа енеді. Біз оны бізге берген қуанышты сәттері мен жеңістері үшін есімізде сақтаймыз. Олардың барлығы сіз бен біздің күш-жігеріміздің нәтижесі.

Жаңа жылда біз үшін ең жақсы, жарқын және қымбаттысын өзімізбен бірге алып келейік, бірлігімізді сақтайық, айналамыздағы адамдарға жылулық сыйлауға және осы әлемді жарық әрі мейірімді етуге мүмкіндік беретін барлық игі істерді көбейтейік. Әр үйде бейбітшілік, махаббат, үйлесімділік орнасын! Тілектеріңіз орындалсын! Бақытты болыңыздар! Жақындарыңызға қамқорлық жасаңыздар!

 

Лисаков қаласының әкімі А. ИБРАЕВ

Лисаков қалалық мәслихатының төрайымы К. МҰХАМАДИЕВА



Дорогие жители и гости города Лисаковска!

 

Сердечно поздравляем вас с Новым годом – любимым, радостным праздником, от которого всегда ждут только добрых перемен, исполнения самых заветных желаний!

Наступление Нового года дает нам возможность, перевернув лист календаря, начать наш путь с учетом прежних ошибок и промахов. Даже повзрослев, мы не перестаем верить в волшебство этого красивого праздника и надеяться на то, что он является вестником добрых перемен, началом преображения, обновления. И пусть надежда и вера в лучшее окрыляет нас, вдохновляет, придает нам сил для дальнейших свершений и побед!

Каким он станет, что принесет нам 2025 год – во многом зависит от нас самих. Вера каждого в свои силы, энтузиазм, ответственность помогут осуществить нам намеченные планы, сделать нашу жизнь более интересной, насыщенной и яркой.

Дорогие лисаковцы!

Совсем скоро под бой курантов уйдёт в историю 2024 год. Мы запомним его за те радостные моменты и победы, которыми он нас одарил. Все они являются результатом наших с вами стараний.

Давайте возьмем с собой в Новый год все самое лучшее, светлое и дорогое для нас, сохраним наше единство, приумножим все то, что позволяет нам созидать, дарить тепло окружающим и делать этот мир чуточку светлее и добрее. Пусть в каждом доме царят мир, любовь, гармония! Пусть ваши желания сбудутся! Будьте счастливы, берегите себя и своих близких!

 

Аким города Лисаковска А. ИБРАЕВ

Председатель лисаковского городского маслихата К. МУХАМАДИЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *