«Мектепке жол» – мейірімділік акциясы

Акциясы

«Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы өз күшін жинауда, ол өзінің қызмет еткен жылдары қазақстандық оқушыларға баға жетпес көмек көрсеткен, біздің отандастарымыздың мыңдаған аз қамтылған отбасыларының маңызды проблемасын – балаларды мектепке лайықты даярлауды қамтамасыз ету проблемасын шешуге көмектескен жақсылық пен адамгершіліктің қуатты қозғалысына айналды. Осы акцияның арқасында игі ойлар мен ізгі тілектер нақты істер мен іс-әрекеттерге айналды.

«Мектепке жол» акциясын өткізудің нәтижелері мен пайдасы туралы цифрлар тілінде айту мүмкін емес. Оқу құралдары бар мектеп сөмкелері, жаңа спорттық костюмдері бар пакеттер, аяқ киім, планшеттер, айтарлықтай қаржылық көмек… Қалалық білім бөлімінің үндеуіне бірінші болып үн қатқандарға мейірімділік пен адамгершіліктің көріністеріне алғыс айтқым келеді. «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясына мемлекеттік және бюджеттік ұйымдар, шағын және орта бизнес өкілдері белсенді қатысып келеді. Осы оқу жылының басталуы да ерекшелік емес. «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының практикалық маңыздылығын түсіне отырып, ММ, «НұрОтан» партиясы, Лисаков мешіті, МКК, МКҚК, ЖШС, ЖК, ТЖ басшылары мектепке баратын жолды ең жақсы және бақытты етеді! Сезімталдық пен жанның кеңдігіне үлкен-үлкен рахмет!

Өзгелердің бей-жайсыздықтарын, нағыз қамқорлық пен назарды көре отырып, балалар өздерінің ертеңгі күніне, болашақтарына сенім артады.

Тоқпейіл ЕРУБАЕВА, Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектеп-лицей» КММ, әлеуметтік педагогі