Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2018 жылғы 9 айдағы әкімшілік тәжірибесінің қорытындылары

2018 жылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен (бұдан әрі –Департамент) ҚР ӘҚБтК 207, 219, 238, 239, 250, 462 баптары бойынша 229 әкімшілік хаттама жасалды. Департаментпен салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 10 557,9 мың теңгені құрады, ол толық көлемде өндіріліп алынды.

Тәжірибе көрсеткендей, әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың саны азаюда. Бұл, сөзсіз, мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералдық бақылауды өткізумен байланысты. Камералдық бақылау қағидаларына сәйкес аудит объектілеріне (тапсырыс берушілерге) бақылау нәтижелері бойынша айқындалған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығы берілген. Яғни, егер бұзушылықтарды жою үшін берілетін 10 жұмыс күн ішінде лауазымды адамдар бұзушылықтарды жою үшін шаралар қабылдаса, олар әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Бұған қоса, Департаментпен ҚР ӘҚБтК 810 және 811 баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қысқартылған өндірісті қолдануды белсенді жүзеге асыруда, бұл әкімшілік іс жүргізу қозғалған тұлғаға айыппұл сомасын бап санкцияларынан 50% көлемінде төлеуге мүмкіндік береді.

Қостанай облысы бойыша ІМАД қызметті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы–заңгер Ж.Мұхаметова