Отклик на Послание Президента

«АҚПАРАТТЫҢ АШЫҚТЫҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАММЕН СЫНДАРЛЫ ДИАЛОГ ОРНАТУҒА СЕПТІГІН ТИГІЗЕДІ»

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жаңа басым міндеттерді белгіледі.

Бүгінгі таңда еліміздің осы бағыттағы жүргізіліп жатқан саясаты аталған қоғамдық қатердің алдын алу және ескерту тетіктеріне негізделген, сондықтан Президент сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алып жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстарының жүргізу қажеттілігі жөнінде айтып өтті.

2014 жылда қабылданған 2015-2025 жылдарға бағытталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттардың бірі «Қоғамдық бақылау институтын енгізу» болып табылатынын ескере отырып, Президент Жолдауы шеңберінде мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың қоғам алдындағы ашықтығын және есептілігін қамтамасыз етуге жол ашатын «Қоғамдық бақылау туралы» заңды әзірлеп, қабылдау ерекше мәнге ие. Өйткені, біріншіден қоғамдық бақылау институттарының мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындығын одан әрі қамтамасыз ету жолында іс тындыру қажеттілігін, екіншіден «Адалдық алаңы», 2015 — 2025 жылдарға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны сыртқы талдау және бағалау бойынша арнайы мониторингтік топтар және тағы да басқа қоғамдық институттардың өзектілігі одан әрі еселей түсетінін мәлімдейді.

Президент мемлекет пен азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіруге тағы да назар аударғаны кездейсоқ емес, өйткені сыбайлас жемқорлық — бұл терең әлеуметтік кесел және оны ортақ күш-жігермен ғана жеңуге болатынын жеткізді.

Қоғамдық бақылаудың рөлін азаматтар арасында күшейту неліктен маңызды? Қазіргі таңда әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам санасына әрі сапалы ақпарат қабылдаудағы тигізер әсерін ескеру қажет. Мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ жалпы қоғамда болып жатқан қандай да бір жағдайлар мен үрдістер қысқа ғана уақыт аралығында интернет ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы жаппай таралып, азаматтардың талқысына ие болады. Аталған құбылыстарға назар аударатын болсақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне куәгер болған немесе көзбе көз кесдескен азаматтардың қатары да аз емес, демек, бұл тек қана теория, кез келген фактілерді тексеріп оның ақиқат не жалғандығына көз жеткізу қажеттілін ұмытпау қажет.

Осы тұрғыда қоғам белсенділері аталған проблематиканы ортаға салып одан әрі игеру мәселелерін  толық қамти алады. Бұған дәлел болып отырған Стратегияның орындалу барысына сыртқы талдау мен бағалауға бағытталған Арнайы мониторингтік топтар мен қоғамдығы тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағыт алған «Адалдық алаңы» атты жобалық кеңселердің қызметі. Аталған иснтитуттардың пайда болуы ол мемлекет пен қоғамдық бірлестіктер арасындағы қарым қатынастың тығыздығын айқындайды.

Бұл жерде әрбір мемлекеттік орган тарапынан қолдау маңызды екенін айтып өткен жөн. Біз өз тарапымыздан қажетті құқықтық және әдістемелік қолдауды қамтамасыз етеміз. Бүгінде бүкіл республика бойынша «Антикор Live», «Адал көмек» сияқты жобалар жұмыс істейді, олар азаматтарды ақпараттандыруда, тегін консультативтік көмек көрсетуде өз тиімділігін көрсетті. Сондықтан Президентіміз мемлекеттік бақылауға балама ретіндегі қоғамдық бақылау институтын қолдай отырып, тиісті құқықтық негіз қалыптастыру қажеттілігі өте орынды әрі уақытылы шешім.

Сонымен қатар квазимемлекеттік құрылымдардың қаржы-шаруашылық қызметін, бюджет қаражатын пайдалану жөніндегі мәліметтерді және басқа да құнды деректерді бүкіл қоғамға қолжетімді ету үшін бірыңғай ақпараттық ресурс құру аса маңызды болып отыр.

Осыған ұқсас ресурстардың бірі болып, сондай-ақ белсенді азаматтар үшін тағы бір әдістемелік көмек Президент белгілеген құрал — ашық бюджеттердің интерактивті картасы болып табылады. Бұл құралдың негізгі ерекшелігі дәл осы сәтте әр азамат аталған интерктивті картадан облысымызда бөлініп әрі жұмсалып жатқан қаражаттың игеруіне көз жеткізе алады. Қостанай облысында іске асырылып жатқан 2914 бюджеттік бағдарлама бойынша 248 млрд.теңгеден астам қаражаттың жұмсалуы туралы ақпараттың ашықтығы мен жалпыға қол жетімділігі қамтамасыз етілген.

Ел Президенті елдегі бизнесті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Экономикалық ауытқулар жағдайында кәсіпкерлікті қолдауды күшейту маңызды, инвесторлар өз қаражатының сақталуына сенімді болуы және сыбайлас жемқорлық қысымынан қуатты қорғауды сезінуі тиіс, қазірдің өзінде кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына негізсіз тарту фактілерінің жолын кесу бойынша шаралар қабылдануда, бизнес пен инвестицияларды қорғау бойынша жоба жұмыс істейді.

Алайда, барлық бастамаларға қарамастан, мемлекеттік органдар қоғамның қолдауына мұқтаж. Сыбайлас жемқорлық-екі жақты қозғалыс тас жолы. Мұнда пара алып қана қоймай, пара беруші де бар. Сондықтан бүгінде парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Агенттіктің барлық бастамалары БАҚ-та белсенді жариялануда, әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс күшейтілді. Мониторингтер мен талдаулар жұртшылық өкілдерінің қатысуымен ғана жүргізіледі.

Тағы да бір ерекше атап өтетін өзекті мәселе ол — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасына енгізілер өзгерістер. Осылайша Ел Президенті 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктеріндегі есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына қатысты жемқорлықпен күрес аясында жаңа шектеулер енгізу кажеттілігін айтып кетті. Осылайша мемлекеттік қызметшінің немесе квазимемлекеттік мекеме басшысының қос азаматтығы анықталған жағдайда олар қызметінен босатылады. Сонымен қатар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмау бастамасы  да ерекше назарға ие. Жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағида қатаң сақталып, сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған адамдарды заң жүзінде қорғайтын жүйе қалыптастыру бағытындағы жұмыс жалғастырылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ұсынылған бірқатар заңнамалық бастамалардың бірі-отставкаға кету институты және бірінші басшылардың бағыныштылар арасындағы сыбайлас жемқорлық фактілері үшін дербес жауапкершілігі. Енді әрбір басшы өзінің бақылауындағы мемлекеттік орган мен ұйымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан қызмет үшін жеке жауапкершілікте болады. Сондай-ақ отставкаға кету институты қазіргі таңда қоғам арасында ең жиі талқыланатын бастамалардың бірі екендігін ескеру қажет. Өйткені азматтар шенеунікті немесе қандай да бір басшыны жауапкершілікке тартып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттік органның жұмысында фактілердің қайталану мүмкіндігін жоққа шығаратын оңтайлы өзгерістер болғанын көруі керек.  Егер тікелей бағыныштылар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасамаса да, мысалы, талдау осы мемлекеттік органда немесе қандай да бір нақты облыстық бөлімшеде сыбайлас жемқорлық деңгейі күрт өскенін байқаса, басшыны тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатынын көрсетеді.

Қорытындылай келе, Президентіміздің Жолдауы шеңберінде айтылған барлық бастамалар сапалы жүзеге асырылған жағдайда біз сыбайлас жемқорлық атты қоғамдық қатерден құтыламыз деген толық негіз бар, азаматтық қоғам мемлекеттік органдармен жемісті өзара іс-қимыл жасауға дайын және қабілетті екенін атап өткен жөн, сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші бүгінде еліміздің әл-ауқаты мен гүлденуі қабылданған әрбір шешімге байланысты екенін түсінуі тиіс.

 

Бекбасов Қуаныш Базарұлы, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы