Құрметті Лисаков қаласының тұрғындары!

Рождество Христова – Ұлы христиан мерекесіне орай  шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!

Рождество – ізгі жұбаныш пен үміт күту мерекесі. Ол бейбітшілік пен келісімде өмір сүру ұмтылысына адамдарды біріктіріп, миллиондаған адамдардың өмірін үміт отымен жандандырады, сүйіспеншілік пен мейірімділікті танытуға үйретеді, адамгершілікті және әділетті болуға көмектеседі. Адамдардың жүрегіне руханият пен ой тазалығын ұялатып, рождество күндері қазақстандықтарда өзара сыйластық, кемелдікке ұмтылу және игі істер жасаудың жоғары қасиеттерін дамытуға себепші болады.

Біздің көпұлтты мемлекетімізде халық мұсылман мерекесі Құрбан айт және православиелік Рождество және басқа да көптеген діни мерекелерді атап өтеді. Осының барлығы – Қазақстан халқының толеранттылығы мен берік достығының дәлелі. Еліміздің көп ғасырлы мұрасына сүйене отырып, ұлтаралық келісім мен бейбітшілікті нығайтуға барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.

 Қымбатты жерлестер!

Осы жарқын және ізгі мейрамда сіздерге бақыт, қуаныш және барлық жарқын үміттеріңіздің орындалуын тілейміз.

Отбасыларыңызда әрқашан бейбітшілік пен тыныштық орнап, туған-туыстарыңызға амандық, әрбір жаңа күн тек қана қуаныш әкелсін!

Рождество мерекесі құтты болсын.

  

Лисаков қаласының әкімі

А. Исмағұлов

 

Лисаков қалалық мәслихатының хатшысы

С. Шалдыбаева

  

Уважаемые жители города Лисаковска!

 

Примите самые искренние поздравления по случаю Великого христианского праздника – Рождества Христова!

Рождество – праздник добрых надежд и ожиданий. Он объединяет людей в стремлении жить в мире и согласии, озаряет жизнь миллионов светом надежды, учит проявлять любовь и милосердие, помогает стать гуманнее и справедливее. Неся в сердца людей духовность и чистоту помыслов, рождественские дни способствуют проявлению в казахстанцах высоких качеств взаимного уважения, стремления к совершенству и свершению добрых дел.

В нашем многонациональном государстве народ отмечает и мусульманский праздник Курбан айт, и православное Рождество, и многие другие религиозные празднества. Все это – доказательство толерантности и крепкой дружбы народа Казахстана. Опираясь на богатое многовековое наследие нашей страны, мы прилагаем все усилия для укрепления межнационального мира и согласия.

Дорогие земляки!

В этот светлый и добрый праздник желаем вам счастья, радости и исполнения всех светлых надежд.

Пусть в ваших семьях всегда царит мир и спокойствие, родные и близкие будут здоровы, а каждый новый день приносит только радость!

Счастливого Рождества!

 

Аким города Лисаковска

А. Исмагулов

 

Секретарь Лисаковского

городского маслихата

С. Шалдыбаева