Уважаемые жители города!

Сердечно поздравляем вас с Днем единства народа Казахстана!

Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке тұтастығымыздың және қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының ажырамас байланысы мен сабақтастығының нышаны. Достық, сенім, ынтымақтастық, бірлік ұлтына немесе діни наным-сеніміне қарамастан, әрқайсымыз үшін өзекті құндылықтар болып табылады.

Тәуелсіздік алған жылдардың басынан бастап бірегей институт Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды, ол биылғы жылы өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтеді.

Жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың арқасында түрлі этностардың өкілдері шағын және орта бизнесті, ғылымды, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт саласын дамытуға белсенді қатысады.

Қоғамдық келісім, мәдени және тілдік әр алуандық өркендеуіміздің негізі болып, еліміздің басты байлығы мен игілігіне айналды.

Қазақстан әр ұлттың тілін, әдет-ғұрпын, мәдениетін құрметтей және қадірлей отырып, бүкіл әлемдік қоғамдастыққа достық пен бірліктің нағыз үлгісін көрсетеді.

Бүгін ел төтенше жағдай режимінде өмір сүретін қиын кезеңде алдыңғы шепте тұрған, адамдардың қауіпсіздігін тұрақты қамтамасыз ететін біздің медицина қызметкерлеріне, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолдау көрсетіп жүрген қазақстандықтардың бірлігі осы күрделі кезеңді еңсеруге күш береді.

Қымбатты лисаковтықтар!

Бірлік пен келісімнің, бейбітшілік пен үміттің жарқын мерекесінде Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға ырыс-береке, бақыт, молшылық, бейбітшілік пен өзара түсіністік тілейміз!

Лисаков қаласының әкімі

А. ИСМАҒҰЛОВ

Лисаков қалалық мәслихатының хатшысы

С. ШАЛДЫБАЕВА

 


Уважаемые жители города!

Сердечно поздравляем вас с Днемединства народа Казахстана!

Этот праздник– символ нашей общности и неразрывной связи и преемственности всех поколений казахстанцев. Дружба, доверие, солидарность, сплоченность являются актуальными ценностями для каждого из нас, независимо от национальности или вероисповедания.

Еще на заре независимостибыл создан уникальный институт Ассамблея народа Казахстана, которая в этом году отмечает свой 25-летний юбилей.

Благодаря проводимой государственной политике представители разных этносов активно участвуют в развитии малого и среднего бизнеса, науки, образования, здравоохранения, культуры, спорта.

Общественное согласие, культурное и языковое многообразие стали основой нашего процветания, главным богатством и достоянием страны.

Казахстан, уважая и почитая язык, обычаи, культуру каждой нации, демонстрирует всему мировому сообществу настоящий пример дружбы и единства.

Сегодня,в сложившей ситуации, когда страна живет в режиме чрезвычайного положения, именно единство казахстанцев, выражаемое в поддержке нашим медицинским работникам, сотрудникам правоохранительных органов, которые, находясь на передовой, стойко обеспечивают безопасность людей, дает силы преодолеть этот сложный период.

Дорогие лисаковцы!

В этот светлый праздник единства и согласия, мира и надежды, желаем вам крепкого здоровья, благополучия в ваших семьях, счастья, процветания, мира и взаимопонимания!

 

Аким города Лисаковска А.ИСМАГУЛОВ

Секретарь Лисаковскогогородского маслихатаС.ШАЛДЫБАЕВА