Пятница, 18 апреля
Shadow

Уважаемые жители города Лисаковска!

От всей души поздравляем вас с великим, значимым для каждого казахстанца праздником – Днем Независимости.

ҚҰРМЕТТІ ЛИСАКОВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздерді әрбір қазақстандық үшін маңызды, ұлы мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

1991 жылы 16 желтоқсанда, яғни осыдан 32 жыл бұрын Қазақстан Тәуелсіз мемлекет мәртебесіне заңды түрде ие болды. Бұл сәт қазақ халқының туған жерінің және өз тағдырының шынайы қожайыны болуға деген ғасырлар бойғы ұмтылысында, сондай-ақ Қазақстан мемлекеттілігінің ғасырлар бойы тарихындағы маңызды кезеңнің басталуында салтанат құрған кез болды. Ата-бабаларымыздың мемлекеттілікке қол жеткізу туралы арманын орындау жолындағы алғашқы қадамдар бұған дейін де жасалғаны есімізде. Ендеше, Тәуелсіздік күнін мерекелеу – әрқайсымыз үшін еліміздің егемендігі үшін күрескен батырларымызға тағзым.

Тәуелсіздік күні мемлекетіміздің бостандығы мен күшінің нышаны болып саналады. Тәуелсіздік алғаннан бері халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты өзгерістермен тамаша жалғастырды. Еліміз тұрақты мемлекеттік институттары мен қуатты бәсекеге қабілетті экономикасы бар жетілген демократиялық мемлекет ретінде қалыптасты.

Бүгінде Қазақстанды бүкіл әлем біледі және құрметтейді. Біздің міндетіміз – осы жылдардағы жетістіктерді сақтау және көбейту.

 

ҚҰРМЕТТІ ЛИСАКОВ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Әр шаңыраққа бақыт пен амандық, бейбітшілік пен ізгілік, береке мен өркендеу тілейміз! Алда бәрімізді жаңа жетістіктер мен жеңістер күтіп тұрсын! Қазақстанның аспаны әрқашан тыныш, шуақты болсын!

 

Лисаков қаласының әкімі А. ИБРАЕВ

 

Лисаков қалалық

мәслихатының төрағасы К. МУХАМАДИЕВА

 

 

 

 

 

 

 

 

УВАЖАЕМЫЕ ЖИТЕЛИ ГОРОДА ЛИСАКОВСКА!

От всей души поздравляем вас с великим, значимым для каждого казахстанца праздником – Днем Независимости.

16 декабря 1991 года, то есть 32 года назад, Казахстан обрел юридически оформленный статус независимого государства. Этот момент стал венцом торжества казахского народа в его многовековом устремлении быть истинным хозяином родной земли и своей судьбы, а также началом значимой вехи в многовековой истории казахстанской государственности. Мы помним, что первые шаги на пути к исполнению мечты наших предков об обретении государственности, предпринимались задолго до этого. А потому празднование Дня Независимости для каждого из нас – это дань уважения к национальным героям, которые боролись за суверенитет нашей страны.

День Независимости по праву считается символом свободы и могущества нашего государства. С момента обретения независимости наш народ блестяще продолжил великую историю Казахстана новыми достижениями и успешными преобразованиями. Наша страна состоялась как зрелое демократическое государство с устойчивыми государственными институтами и сильной конкурентоспособной экономикой. Сегодня Казахстан знают и уважают во всем мире. И наша задача сохранить и приумножить достижения этих лет.

 

ДОРОГИЕ ЛИСАКОВЦЫ!

Поздравляем вас с Днем Независимости Республики Казахстан!

Желаем счастья и благополучия, мира и добра, достатка и процветания каждой семье! Пусть впереди нас всех ждут новые свершения и победы! Пусть небо над Казахстаном всегда будет мирным и солнечным!

 

 

Аким города Лисаковска А. ИБРАЕВ

 

Председатель Лисаковского

городского маслихата К. МУХАМАДИЕВА