От всей души поздравляем вас с замечательным праздником весны – Наурыз мейрамы!
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді көктемнің тамаша мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз мейрамы – көктемгі күн мен түннің теңесу мерекесі, бүкіл тірі жанның жаңаруы мен оянуын білдіріп, уақыт пен ұрпақтың үздіксіз байланысын бейнелейді, нағыз халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтауға ықпал етеді.
Наурыз Ұлы Даланың мыңжылдық тарихынан бастау алып, халық өмірінің, оның ұлттық мәдениеті мен өнерінің көрінісі болып табылады. Ертеде осы күні соғыс, рулық тартыстар мен даулар тоқтатылып, өзара реніштер мен келіспеушіліктер кешірілді. Наурыз мейрамы адамдарды дастархан басында жақындастырып, халықтың бейбіт өмірге, мейірімділікке және келісімге ұмтылысын оятады.
Бұл көктемгі мерекенің терең мәні бүгінгі күні ерекше өзекті. Тиімді жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатының арқасында Наурыз мейрамы барша Қазақстан халқы үшін жалпыхалықтық мерекеге айналды. Бұл жарқын және көктемгі мереке достық, өзара сыйластық пен түсіністікті нығайтуды жалғастыруда!
Қымбатты лисаковтықтар!
Осы тамаша күні Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, ырыс-береке тілейміз. Наурыздың көктемгі шуақты күндері әр үйге жарық пен жылулық, үйлесімділік пен береке әкелсін!
Лисаков қаласы әкімініңміндетін атқарушы А. СҰЛТАНОВ
Лисаков қалалық мәслихатының хатшысы С. ШАЛДЫБАЕВА
Уважаемые жители и гости города!
От всей души поздравляем вас с замечательным праздником весны – Наурыз мейрамы!
Наурыз мейрамы – праздник весеннего равноденствия, он символизирует обновление и пробуждение всего живого, олицетворяет собой непрерывную связь времен и поколений, способствует сохранению подлинных народных традиций и обычаев.
Наурыз берет свое начало из глубин тысячелетней истории Великой Степи, является отображением жизни народа, его национальной культуры и искусства. В этот день в старину прекращались войны, межродовые распри и споры, прощались взаимные обиды, сглаживались разногласия. Праздник Наурыз сближал людей за дастарханом, пробуждал в людях стремление к мирной жизни, добру и согласию.
Глубокий смысл этого весеннего праздника особенно актуален сегодня. Благодаря эффективно проводимой государственной политике Наурыз мейрамы стал общенародным праздником для всего народа Казахстана. Этот светлый и весенний праздник продолжает укреплять узы дружбы, взаимного уважения и понимания!
Дорогие лисаковцы!
В этот прекрасный день желаем вам и вашим близким крепкого здоровья, счастья, благополучия и процветания. Пусть с тёплыми весенними лучами солнца Наурыз принесет в каждый дом свет и тепло, согласие и достаток!
Исполняющий обязанности акима города Лисаковска А. СУЛТАНОВ
Секретарь Лисаковского городского маслихата С. ШАЛДЫБАЕВА