Қымбатты соғыс және еңбек ардагерлері! Құрметті лисаковтықтар!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74-ші жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке әрдайым ерлік, қаһармандық пен батырлықтың нышаны болып саналады. Жеңіс күні – бұл соғыс майдандарындағы  жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің жеңіске жету жолындағы ортақ тарихи ерлігі.

Жеңіс күнін мерекелей отырып, біз Ұлы Отан соғысындағы халықтың өшпес ерлігіне құрмет көрсетеміз. Ұрпақтардың санасында адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың жеңіспен аяқталуын сақтау – біздің қасиетті борышымыз.

Отанның еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін қаза тапқан жауынгерлерді еске алу құрметіне басымызды иіп, соғыстың барлық ауыртпалығын ерлікпен және төзімділікпен көтерген барша майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне алғысымызды білдіреміз.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті                           Н.Ә. Назарбаев: «Егер біз отанымызды қалай қорғауға болатынын еске алсақ, ардагерлерімізге қамқорлық жасасақ болашағымыз баянды болады. Біз – Жеңіске жеткен әкелер мен аталардың ұрпағымыз. Жеңістің арқасында біздің ұрпағымыз бақытты өмір сүруде», — деп атап өтті.

Аталарымыздың ерлігі – өскелең ұрпақ үшін үлгі болып саналады. Соғыстың қатал жылдарында көрсетілген ерлік жас ұрпақ үшін адамгершілік тұрғыдан бағыт болып қала береді. Біздің ортақ міндетіміз – Жеңіске қалай қол жеткізгенімізді есте сақтап, жаңа ұрпақтарды оның мұрасын құрметтеуге тәрбиелу.

Сіздерге зор денсаулық, ырыс-береке, бейбітшілік пен ізгілік тілейміз! Әрқашан Отанымыздың аспаны ашық та, тыныш болсын!

Мерекелеріңізбен! Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

 

Лисаков қаласының

әкімі

А.ИСМАҒҰЛОВ

Лисаков қалалық

мәслихатының хатшысы

С.ШАЛДЫБАЕВА

 

 

Дорогие ветераны войны и труда!

Уважаемые лисаковцы!

 

Сердечно поздравляем вас с 74-годовщиной Победы в Великой Отечественной войне!

Этот праздник всегда был символом мужества, героизма и подвига.       День Победы – это исторический подвиг всех ее участников: и воинов, и тружеников тыла, которые на фронтах войны и в тылу ковали Победу.

Празднуя День Победы, мы воздаем дань немеркнущему народному подвигу в Великой Отечественной войне. Наш долг свято хранить в памяти поколений победоносное окончание самой страшной войны в истории человечества.

Мы низко склоняем головы перед светлой памятью воинов, погибших во имя свободы и независимости Отчизны, отдаем дань глубочайшего уважения всем фронтовикам и труженикам тыла, с небывалым мужеством и стойкостью вынесшим на своих плечах все тяготы войны.

Как отметил Первый Президент Республики Казахстан Н.А.Назарбаев: «Наше будущее будет крепче, если мы будем помнить, как надо защищать Родину, если мы будем лучше заботиться о наших ветеранах. Мы – дети победивших отцов и дедов. Благодаря их Победе наше поколение живет счастливо».

Подвиги наших дедов – пример для подражания подрастающему поколению. Героизм, проявленный в суровые годы войны, будет и впредь служить нравственным ориентиром для молодых поколений. Наш общий долг – помнить, какой ценой была завоевана Победа, воспитывать у новых поколений бережное отношение к ее наследию.

Желаем вам крепкого здоровья, благополучия, мира и добра! Пусть небо над нашей Родиной будет чистым и мирным!

С праздником вас! С Днем Великой Победы!

Аким города Лисаковска А.ИСМАГУЛОВ

Секретарь городского маслихата С.ШАЛДЫБАЕВА