Хроники

Хроники
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес салық төлеу Қазақстан Республикасының әр азаматының борышы және міндеті. Бүгінгі күні салық төлеу міндеті барлық салықтөлеушілермен орындалмаған. Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен мүлік, жер және көлік құралдарына салық қарызы бар салықтөлеушілерден қарызды өндіру жұмысы үнемі жүргізіледі. Сот бұйрығын орындамаған тұлғаларды анықтап, олардың мүлігіне және көлік құралына тыйым салу, Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығуға шектеу қою үшін сот орындаушылары мен ҚІІБ қызметкерлерімен бірігіп жұмыс атқарылуда. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 669 бабына сәйкес, заңдық талаптарды орындамағаны үшін бес күнге дейін мерзімге қамауға алуға әкімшілік жауапкершілік қарасты