Құрметті лисаковтықтар!
1 мамырда барша Қазақстан халқы Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Сіздерді халқымыздың рухани бірлігін, алуан мәдениеттер мен олардың өзара байытуын бейнелейтін осы мерекемен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар. Оны мерекелеудің басты мақсаты – тұрақтылықты нығайту, мәдениетаралық үндесудің қазақстандық моделінің жетістіктерін көрсету.
Ғасырлар бойы қазақ жерінде көптеген халықтың тағдырлары - алуан мәдениеттер, дін мен дәстүрлер тоғысты. Біздің тәуелсіз мемлекетіміз үшін бұл ең маңызды мерекелердің бірі болып табылады.
Әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдері Қазақстанды өз Отаным деп есептейді, олар бейбітшілікпен және ынтымақтастықпен мақтанады. Елімізде этникалық өзіндік ерекшеліктерді, мәдениетті, тілді, салт-дәстүрлерді дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.