День: 16.06.2021

Копирайтер: Жақсы мәтін жазуға көмектесетін кеңестер

Копирайтер: Жақсы мәтін жазуға көмектесетін кеңестер

Разное
Копирайтер тек мәтін жазушы ғана емес. Ол тұтынушыларға пайдалы контент ұсынып, қалауын қанағаттандыруы тиіс. Одан бөлек білім беріп, оқырманның көңілін көтеруі де мүмкін. Жақсы контент магнит іспеттті. Ал клиенттердің компасы сізді нұсқайтын болады. Маңыздыны жазу Бастысы – адамдарды қызықтыратын тақырыпты таңдау. Бұл бәрін толғандыратын мәселе болуы мүмкін. Алайда оқырманды әлемдік проблема қызықтырмайды. Оған өзінің басынан өткен, күнделікті соқтығысатын мәселелердің шешімін іздеген маңызды. Демек сіз ізкесушінің қызметін атқарасыз. Маңызды тақырыпты іздеп, бәріне түсінікті тілде ұсынуыңыз керек.   Тақырыптан ауытқымау Мәтін жазу барысында мың түрлі ой келеді. Барлығы тақырыпқа қатысты секілді. Егер бұларға ере берсеңіз, мәтіннің мәні жоғалады. Барынша тақырыптан ауы